Балқантау. Халық әні.
Күн шықты көк жиектен арай-арай
Көз талды Балқантауға дариға қарай-қарай
Армандай өмір бақи алдарқатқан,
Жүздеспей кетеміз бе дариға уа дариға-ай.
Қайырмасы:
Ахоу,арман
Ахоу арман
Ахоу Балқан,Балқан!
Бұлттардай ойнақ салған аспанымда,
Ол күндер өтті кетті дариға қас қағымда
Алаңдап Балқантауға жүремін тек,
Бәріне куә болған дариға жас шағымда.
Қайырмасы.