Мы используем cookie-файлы, чтобы улучшить сервисы для вас. Если ваш возраст менее 13 лет, настроить cookie-файлы должен ваш законный представитель. Больше информации
Көкшетауда 8-ші сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды
Дамир Сағадиев спорт залында есінен танып құлаған. Көмекке ұмтылған медбике мен ұстаздарының жедел жәрдемді екі рет шақыруына тура келіпті. Яғни реанимациялық құрылғысыз келген бірінші көліктен қайран болмаған. Баланың аяқ астынан мектепте көз жұмуына не себеп болғаны әзірге түсініксіз.
Спортты жанындай сүйетін Дамир дене шынықтыру сабағынан қалып көрмепті. Осы күні де әдеттегідей достарымен бірге мына залда жаттығуға кірісіп, көп уақыт өтпей есінен танып құлаған. Алғашында не болғанын түсінбеген ұстаздары дереу көмекке ұмтылған.
Геннадий Собольев, оқиға куәгері:
-Міне, мына жерде былай құлады.Жүгіріп кеп, демеп жатырмыз. Бірден алғашқы медициналық көмек көрсетуге мектеп медбикесін шақырдық.
Қазір мектеп ішіне Дамирдың суреті ілініп, еске алу бұрышына гүлдер қойылуда. Күтпеген оқиғадан оның сыныптастары да шошынып қалыпты. Ал мектеп басшылығы баланы құтқарып қалуға уақыт жеткілікті болды дейді.
Гүлнар Әбдіқасымова, мектеп директоры:
-Жедел жәрдем бірінші бригада келді. Реанимациялық құрылғылары болмады. 3 рет телефон шалып екіншісін шақырдық. Баланың жағдайы қиындап кетті. Сөйтіп, жолда қайтыс болған.
Ал, дәрігерлер өздеріне шаң жуытар емес. Айтуларынша, жедел жәрдем дер кезінде келген. Әрі баланы жолда үзіліп кетті деу де шындыққа жанаспайды деп отыр.
Бибігүл Иманқұлова, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
-Бала бірден құлаған. Жедел жәрдем келгенше қан қысымы да, жүрек қағысы да тоқтады. Сол жерде бірден өліп кеткен. Мүмкін, бұл жақындарынан берілген сырқат шығар. Мүмкін, жүрек тамыры үзіліп кеткен шығар әйтеуір сол мектепте жан тапсырған.
Ал тұла бойы тұңғыштарынан қапыда айрылып қалған Дамир Сағадиевтің ата-анасы қайғыдан қан жұтып отыр. Туысқандары баланың сырқаты болғанын айтады.
-Қазір бала өліміне қатысты кешенді тексеріс басталды. Жедел жәрдем кешікті ме, әлде, оқушының сырқаты ескерілмей дене шынықтыру сабағына қатысты ма, тексерістен кейін анықталады. Яғни бұл сауалдар жауабын 2 аптадан соң дайын болатын сот медициналық сараптамасы береді. Ал, Дамирдың туыстары қыршынның денесін ертең жер қойнына тапсырмақ.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
03.05.2017
https://www.ktk.kz/kz/news/video/2017/05/03/78089
Показать еще
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше интересных видео и найти новых друзей.