Предыдущая публикация
Сүйіктісі бола білген бар жанның,
Құттықтайын ұстаздарым,жандарым.
Абыроймен оқу жылын аяқтап,
Демалысқа бетті бүгін бұрған күн.
Ұшырып сап тағы да бір түлекті,
Қуанышқа толтырдыңдар жүректі.
Әр баланың орыны бар ерекше,
Тілейсіңдер соларға бар тілекті.
Қабыл болып айтылған ақ тілектер,
Биік шыңнан көрінсінші түлектер.
Солар үшін ауырады бар жүрек,
Солар үшін қуансыншы жүректер.
Демалыста бойға қуат, нәр жинап,
Келесіні отырасың дайындап.
Уақытында бола білсін ал солар,
Қартайғанда демалатын сая-бақ.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев