*
Бөлісуді жөн санадым.
Тіліміздегі жас өлшемдерін дұрыс қолданып жүрміз бе? Аңғара бермейм еміз... Әр жынысқа өз атауын дұрыс, орнымен қолданайық. Ол да «көгілдірленіп» бара жатқан қоғамға дертіне шипа болар. Қазақта жас өлшемдері ер және әйел жынысына қарай мына ретпен айтылған:
1-2 – ұл – бөбек, қыз – бөпе;
2-3 – бүлдіршін;
3-5 – ұл – балдырған, қыз – балауса;
6-7 – ұл – бала, қыз – балақай;
8-12 – ұл – ойын баласы, қыз – жеткіншек;
13-15 – ұл – ересек бала, қыз – жасөспірім;
16-19 – ұл – бозбала, қыз – бойжеткен;
20-30 – ер – жас жігіт, әйел – қыз;
30-40 – ер – дүр жігіт, аға, еркек, әйел – кәрі қыз, келіншек;
40-50 – ер – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел – әйел, ана;
50-60 – ер – жігіт ағасы, әйел – сары кідір әйел;
60-70 – ер – қарасақал, ата, әйел – қаракемпір, әже;
70-80 – ер – ақсақал, әйел – ақбұрым;
80-90 – ер – ақ үрпек шал, қарт, ата, әйел – ақ үрпек ана;
90-100 – ер – селкілдек шал, әйел – селкілдек кемпір;
100 – ер – баба, әйел – кейуана.
Сіз дәл қазір қайсы мөлшерде екенсіз? «Кейде қарттық пен даналық бірге келеді, кейде қарттық жалғыз өзі келеді» деген. Алла сіздерге ұлтымыздың дана кейуанасы мен бабасы болуды жазсын!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев