Бір ай бойы күттіріп
Сағынтасың пенсия!
Мәсі менен калошты
Жаңартасың пенсия!
Ауылдағы ас- тойға,
Жарап тұрған- пенсия!
Келінімнің көздері,
Санап тұрған- пенсия!
Бар-жоғымды түгелдер,
Мейірімдісің -пенсия!
Сауын сиыр секілді,
Желіндісің-пенсия!
Түскен кезде қалтаға,
Күйдіресің-пенсия!
Немеремді бетімнен,
Сүйдіресің-пенсия!
Алған кезде алғысқа,
Бөленесің -пенсия!
"Свет" пенен "мусорға",
Төленесің-пенсия!
" Супер-инфо" оқытып,
Білім берген-пенсия,
"Кроссводты" толқытып,
Ілім берген-пенсия!
Екі еселеп көбейсе,
Сүйіндірген-пенсия!
Екі күнде таусылып,
Күйіндірген-пенсия!
Маңдайдағы әжімді,
Жазып тұрған -пенсия!
Таусылғанда қалтаңды,
Қазып тұрған -пенсия!
Берекеңді аяма,
Бай болайық -пенсия!
Алу үшін өзіңді,
Бар болайық-пенсия!!!
Мұхтар Құдабаев
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 3