Қазақстан Қырғыз республикасына қарсылық нотасын жолдады. 17 ақпанда Euronews арнасына берген сұқбатында Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев 2010 жылғы сәуір төңкерісі кезіндегі адам өліміне Қазақстан тарапын айыптаған мағынада пікір айтқан. Оның бұл сөзі екі елде де қызу талқыланып жатыр. Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі мәселені ушықтырмауды сұраса, Қазақстан тарапы ресми жауап күтіп отыр.