Нұра кентінде ақын, ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «ЕСЕП» (Елін сүйген ерлер партиясы) саяси ұйымының негізін қалаушы Бүркіт Ысқақұлының 100 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Осыдан 4 жыл бұрын 2021 жылдың 31 мамыр күні аудандық орталық кітапханаға атақты жерлесіміздің есімі беріліп, бүгін 100 жылдық мерейтой қарсаңында ақынға арналған естелік тақта ашылды. Шығармашылығы көпқырлығымен ерекшеленетін ақын, көсемсөз шебері, кеңестік кезеңнің бар ауыртпашылығын көріп, өз елін ерекше сүйген ардақты жерлесіміз Бүркіт Ысқақұлына арналған тақтаның орнатылғаны бізге үлкен мақтаныш!
Бүркіт Ысқақұлының 100 жылдық мерейтойы «Бүркіт Ысқақұлы: тұлға тағылымы мен тарихи заманы» атты республикалық ғылыми–практикалық конференциясымен жалғасты. Конференция барысында Бүркіт Ысқақұлының 100 жылдығына орай дайындалған бейне-ролик көрсетіліп, «Бүркіт Ысқақұлы» тарихи-биографиялық басылым кітабының тұсау кесері өтті.
Іс–шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәскеу мемлекеттік Лингвистика университетінің құрметті профессоры, Нұра ауданының құрметті азаматы Оралбай Әбдікәрімұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы , профессор Бейбіт Баймағамбетұлы Мамыраев, Мемлекет және қоғам қайраткері, Нұра ауданының құрметті азаматы Дауылбай Мейрамұлы Құсайынов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Жанна Үркінбайқызы Қыдыралина, ғалым, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұлов, Қарағанды медицина университетінің профессоры Баян Мұқышқызы Ибраева, С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Оралұлы Әбсеметов; Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақ Радиосының ардагері Гүлсара Қабланова, Бүркіт Ысқақұлы мен Махмет Теміровтың ұрпақтары, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің докторанты, тарихшы-зерттеуші Әділет Бауыржанұлы Жағыпар, жас ақындар, Нұра ауданының кітапханашылары мен мұғалімдері қатысты. Конференцияда ақынның өмірі, сіңірген
еңбегі мен шығармашылық, жолы,
сондай-ақ қазақ халкының азаттық
жолындағы Алаш идеясының маңызы
талқыланды. Іс-шара барысында
қатысушылар ақынның ұлттық рух пен
патриотизмді нығайтудағы рөліне
тоқталып, оның, шығармаларының, бугінгі коғам үшін маңыздылығын атап өтті.
Конференция соңында белсенді
катысушыларға Нұра ауданы әкімінің, атынан Алғыс хаттар мен естелік
сыйлақтар табыс етілді.