Шабандоз — ат бәйгесіне қатысатын спортшы. Шабандоз төзімді, епті, атқа жақсы отыратын болуы керек. Шабандоз бәйге басталардан бұрын дәрігерлік бақылаудан өтеді де, денсаулығы туралы анықтама қағазын төрешілер алқасына тапсырады.
Шабандоздың киімі жеңіл, ықшамды болуы қажет. Қолына жұқа қолғап киіп, жеңіл қамшы ұстайды. Кеудесі мен арқасына нөмірі жазылады. Шабандозға көбіне балалар мен жасөспірімдерді даярлайды.
Показать еще
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше интересных видео и найти новых друзей.