5 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай отбасылық оқу кітапханасында «Үш тілді білім беру – болашақ баспалдағы» атты виртуалды көрме ұсынылды. Көрмеге ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 6 томдық шығармалар жинағы, Өмірзақ Айтбайұлының «Тілтірек», Сәуле Ержанованың «Сөз мәдениеті және көркем мәтін», Гүлнар Капалбекованың «Ұлттық этикет», Талғат Сайрамбаевтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Құлмат Өмірәлиевтің «Қазақ тіл білімінің мәселелері» т/б кітаптары ұсынылды. Көрмеге қойылған кітаптарға қысқаша шолу жасалды.