9 тамыз күні «Бір ел – бір кітап» - акциясы аясында Юльев ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандар назарына Төлен Әбдіковтің шығармашылығына арналған, «Сөз шебері» атты кеш – портретін ұсынды.
Бұл шараның мақсаты: оқырмандарды Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерімен таныстыру, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы: жазушы жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері – Төлен Әбдіковтің өмірбаянын, қоғамдық қызметі мен шығармашылығымен тығыз байланыстыра әңгімелеп берді. Төлен Әбдіков әдеби ортада кеңінен танымал. Оның кітаптары әлемдік классикалық әдебиеттің үздік туындыларымен бір деңгейде. Жазушының шығармашылығы адамдықтың, адалдықтың мінсіз үлгісі іспетті,терең сезіммен, жүрекпен жазған әсем шығармалары бұны сөзсіз дәлелдейді.