15.05.2024ж. Алматы қаласындағы Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетінің басшыларының ұйымдастыруымен, Ұлы тұлға, қоғам қайраткері, Түркістан автономиясының 1-ші Премьер-Министрі, Алаш арысы, Қазақтың тұңғыш инженері Мұхаметжан Тынышбаевтың туғанына 145 жыл толуына арналған Форум болып өтті. Бұл форумға университеттің мәртебелі ардагерлері, серіктестері, оқытушылары, қызметкерлері және түлектері қатысты.