#Шәмші #ШәмшіҚалдаяқов #вальскоролі #корольвальса #вальс #қазақ әндері
#арысжағасында #поппуришәмші #ақбантик #анатуралыжыр #кешікпейкелемдепең
#Шәмшіәндеріретроәндер Шәмші әндері - ретро әндер
Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан[1]
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.
Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық" сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, "Биттлзге" калай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды.
Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын.Шәмші Қалдаяқовтың Алматыда Республика сарайының солтүстік жағына қойылған ескерткіші
«Ақ ерке – Ақ Жайық»,
«Арыс жағасында»,
«Сыр сұлуы»,
«Жарқырайды Жезқазған»,
«Қарқаралы»,
«Фосфорлы Жамбыл»,
«Байқоңыр»,
«Талдықорған – әнім менің»,
«Ырысты өлке – Шардара»,
«Отан»,
«Теріскей»,
«Мойынқұмда»,
«Отырардағы той»,
«Көгілдір Көкше»,
«Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады.
Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын:
«Менің Қазақстаным»,
«Теңізде – толқында»,
«Бақыт құшағында»,
«Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.
«Ақмаңдайлым»,
«Ақсұңқарым»,
«Қайдасың»,
«Еркежан»,
«Ана туралы жыр»,
«Құшақ жайған қандай адам»,
«Қайықта»,
«Қыз сағынышы»,
«Ақ бантик»,
«Кешікпей келем деп ең»,
«Қуаныш вальсі»,
«Әнім сен едің»,
«Сағынышым менің»
әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева, т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды.
Қалдаяқов артында мол музыкалық мұра қалдырды.
Арнамызға сілтеме :
https://www.youtube.com/channel/UC6EPcpBZAVZO7autM_RT4Nw Ссылка на...