Өзіңмен Арыстың
Бойында таныстым
Жайнаңан гүлдей құрбым сен
Жағада тұрдың сен
Қайырмасы:
Жаз еді күлкің де
Қайдасың бұл күнде?
Сені іздеп, арманым
Сыр бойын шарладым
Алдыңда бір бақыт
Тұрғандай тіл қатып
Толқынға қарап ойлана
Әндеттің жай ғана
Қайырмасы:
Нұр шашып көзіңнен
Бір нәзік сезіммен
Жібектей шашың толқындап
Қалып ең қол бұлғап
Қайырмасы:
Кете ме осылай
Әніміз қосылмай
Аяулы таңым сен едің
Көрсем деп келемін