Тараз қаласында Қордай оқиғасы бойынша Жамбыл облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушылар "соңғы сөздерін" айтты. Соңғы сөздерін судья Айдарбек Замбаев әрбір айыпталушыдан пікірлерін сұрап шықты.
Еске сала кетейік, 7 ақпанда Қордай ауданының Масаншы, Бұлар батыр және Аухатты ауылдарында жаппай тәртіпсіздік орын алған болатын. Оқиға салдарынан 11 адам қаза тауып, 150-ден астам адам, оның ішінде полиция қызметкерлері жарақат алды. Сондай-ақ, 156 тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандары, 100-ден астам көлік зақымданды.
Сот үкімі шығатын күні қосымша хабарланады.
TURANINFO.KZ