Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар?!
Ақырын ақырын шегініп,
Аластап кетті-ау, құрғырлар.
Көзіме жас бер, жылайын,
Шыдам бер сабыр қылайын.
Жаралы болған жүрекке
Дауа бер жамап сынайын.
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді.
Қадірін жақсы білер жанға
Таппай айтпа оған да, айтар кезді...