Теңеп айтқан дәлірек қазағым да,
Балалы үй демейме базарлы да.
Торсық шеке дүниеге сәби келсе,
Бұл өмірдің балаған ғажабына.
Тентектігі болсада, былығы да
Ренжи алмай жүресің құлыныңа.
Бұл өмірде жетпейді-ау еркелеп бір,
Шаршағанды басатын қылығына.
Ұл туылса теңеген "оқ жонарға",
"Тон пішерге" қыз болса болжағанда.
Әкетайлап еркелеп шықса алдыңнан,
Сол емеспе бақытың бұл жалғанда.
Тәй-тәйлаған тоймайсың жүрісіне,
Сыңғырлаған періште күлісіне.
Шүкір дейміз тыныш боп тұрғаннан үй,
Ұйқы бұзып жыласын түн ішінде.
Той тойласын қазақтың әрбір үйі,
Аналардың көбейсін әлдилері.
Бейбіт елде, шаттықта шалқып жүрсін,
Елін сүйер Алаштың сәбилері!
Елнұр Қайратұлы
Елнұр Қайратұлы. Венера Таншолпан.