Жанар Хамитова 1989 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауылында дүниеге келген. Шығармашылыққа жақын болған ол кішкентай кезінен спортпен де шұғылданған. Бес жыл домбыра үйірмесіне қатысқан. Ал 8-сыныптан бастап үлкен сахналарға шыққан. Хамитованың есімін ел 2006 жылы алғаш естіген. Жас әнші сол жылы Super Star KZ жобасының үшінші маусымына қатысқан. Бұл мега-жобада жас әнші 8-орын алды...