Жүрегім жүрегіңмен егіз бе еді?
Аққудай қатар жүзген теңіздегі,
Көңілім алып-ұшып сені іздеді.
Біле алмай отырмын-ау бәрі бірде,
Жүрегім жүрегіңмен,
Жүрегім жүрегіңмен
Егіз бе еді?
Жүремін өзің жайлы күнде ойланып,
Шығамын кірпік ілмей түнде ойланып,
Келем де айтайын деп қаншама сөз,
Қалады-ау құрғыр мынау,
Қалады-ау құрғыр мынау
Тіл байланып.
Мен сені бақытыма балап жүрмін,
Көрмеген күндерімді санап жүрмін.
Ұққайсың айтқызбай-ақ бар сырымды,
Мен сені жүрегіммен,
Мен сені жүрегіммен
Қалап жүрмін.
Мы используем cookie-файлы, чтобы улучшить сервисы для вас. Если ваш возраст менее 13 лет, настроить cookie-файлы должен ваш законный представитель. Больше информации