Жұма, 12 қазан күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында сүт безі обырына қарсы күрес күніне орай «Ашық есік күні» өтеді!
Шара аясында институтағы жетекші маммолог мамандар тегін консультация береді.
Қандай да бір ақау анықталған жағдайда, УЗИ, маммография зерттеулері мен әртүрлі биопсиялық тексерулер тегін жасалады.
Оған қоса, отбасында бұрын-соңды қатерлі ісі кездескен әйелдер
сүт безі обырына бейімділік бойынша тесттен өтуге мүмкіндік алады.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 91, Шагабутдинов
көшесінің бұрышы (Орталық стадионға қарама-қарсы). Қабылдау және кеңес беру бөлімі.
Сонымен қатар, сенбі, 20 қазан күні Қазақстандағы барлық онкологиялық диспансерлерде да «Ашық есік күні» өтеді. Бұл күні әйелдер маммологтардан тегін кеңес алып, УЗИ, маммографиялық зерттеулерден тегін өту мүмкіндігіне ие болмақ. Нақты уақытын өз қалаңыздағы онкологиялық диспансерлерден сұрап білсеңіздер болады!
Қазақстанда сүт безі обыры онкологиялық аурулар арасында бірінші орында тұр. Елімізде жыл сайын қатерлі ісіктің осы түрінен 1400-ге жуық әйел көз жұмса, 4 мыңнан астам нәзік жанды аталған ауру тырнағына ілігеді.
Қазақстанда 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер емханаларда екі
жылда 1 рет профилактикалық тексеруден өтіп тұруы керек. Тексеру тегін жүргізіледі.
Қазақстандық әйелдерді маммологқа уақтылы қаралып тұруға шақырамыз!
Тегін скринингке қатысты мәліметті емханалардан біле аласыздар.