«Қазақстан-Шымкент» телеарнасында «Дін және дәстүр» бағдарламасының кезекті түсірілімі «ҚМДБ-ның өткені, бүгіні және ертеңі» тақырыбында болып өтті.
Бағдарлама қонағы ретінде ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің маманы Асылбек Төлегенов және ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары Еркебұлан Қарақұлов қатысты.
Бағдарламаны қалалық «Қаттани» мешітінің найб имамы Амантай Садиев жүргізіп отырды.
Бағдарлама барысында қонақтар бүгінгі таңда еліміздегі діни тұрақтылыққа өз үлестерін қосып келе жатқан ҚМДБ-ның Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бүгінге дейінгі жүріп өткен жолдарын саралап өтті. ҚМДБ-ның бұрынғы мүфтиінің орынбасары қызметін атқарған А. Абдурахманұлы мырза алғаш құрылған кездегі басқарма мен бүгінгі жұмыс жасап жатқан басқарманың айырмашылығын айта келе, алдағы уақытта да басқарманың бұдан да қарқында жұмыстар мен ел игілігіне қызмет қылатындығына зор сенім білдіріп өтті.
Мы используем cookie-файлы, чтобы улучшить сервисы для вас. Если ваш возраст менее 13 лет, настроить cookie-файлы должен ваш законный представитель. Больше информации