Асқар тау әке, анасын тастап аяулы
Азаматтарым ұмытқан екен аяуды
Терезелерге телміреуменен өтуде
Қарттар үйінде қаншама тағдыр қаяулы
Терезелерге телміреуменен өтуде
Қарттар үйінде қаншама тағдыр қаяулы
Қартайған шақта өз үйі оған тарылып
Ұл мен қызына қарайды қатты қамығып
Мойнына мініп, қойнына кіріп еркелер
Немересінің иісін жүр-ау сағынып
Мойнына мініп, қойнына кіріп еркелер
Немересінің иісін жүр-ау сағынып
Қартайған шақта жеттім дегенде бақытқа
Қарауға сіздер таппай жүрсіздер уақыт та
Дүние-байлық, ақша мен мақсат, қызмет
Анаңнан айтшы, әкеңнен айтшы артық па?!
Анаң ғой сені бақытты бала еткізген
Әкең ғой сені осы бір күнге жеткізген
Оларға сенің байлығың жиған керексіз
Жылулық пенен мейірім күтеді тек бізден
Оларға сенің байлығың жиған керексіз
Жылулық пенен мейірім күтеді тек бізден
Болашағыма бала шағымнан алаңдар
Менің де үйде ақ жаулық әже, атам бар
Әкеңе қылсаң алдыңа ертең сол келер
Ұмытпаңыздар, ұмытпаңыздар адамдар
Қонақтан келсе алдынан шығып қарсы алар
Қалтасын қағып, тәттісін алып сан сұрар
Атасы менен әжесін жүрген сағынып
Әр шаңырақта бір-бір немере бар шығар
Атасы менен әжесін жүрген сағынып
Әр шаңырақта бір-бір немере бар шығар