Оның өмірі бірнеше рет қыл үстінде тұрды, оған қастық жасамақ болды, ұрламақ болды, Бірақ Кенесарыны періштесі қақты. Дуаланғандай атына қонып алып, майданнын ортасында жүрді.
«Оның серіктерінің жүрегі өз қолбасшылығына деген адалдығын, жанқиярлығын, шексіз берілгенін сездіріп соғып тұрды. Кенесары қол астындағыларға лайықты әмірші бола білді. Егер еуропалық әскердің кез келген қолбасшысы ханның сарбаздарына қалай күш-жігер бергенін көрсе қызығы қарар еді. Иә, ол ерекше жаралған жан еді, басқаша жағдай болғанда одан мықты мемлекет қайраткері шығар еді». Николай Середа, «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі (1838-1847 гг.)»
Ұсталмайтын, батыл, қарсы келгеннің зәресін алушы деп оның дұшпандары теңеуге сараңдық жасамады. Оның жол болғыштығына қатысты аңыздар айтылды, Соның бірінде бүлікшіл ханның басынан бағы тайғаны жайлы баяндалады.