Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.
Ақылды - көптің көңілін аулар, күншіл - жоқты даулар деген ғой.
Ақылды болғың келсе, парасатты сұрақ қоюды, мұқият тыңдауды, сабырмен жауап беруді және айтар ештеңең болмағанда сөйлеуді доғаруды үйрен.
Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жұмыс істей жүріп,
Амал жоқ түбінде сол опық жейді.
Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.
Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.
Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.
Бай болғаннан гөрі, ақылды болыңдар. Байлықтан айрылсаң да, ақыл өзіңде қалады.
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Күшті махаббат қана күйеудің бойындағы кінəратты жеңеді. Күшті махаббаты бар ақылды, сабырлы əйел ғана жаман жігіттен жар жасап алады. Содан кейін олар бірінің айтқанынан бірі шықпай сыйласымды, тату-тəтті өмірді бастарынан кешіреді. Бұл жолда əйелдің көп қажыр, қайраты жұмсалады. Ол жақсы жарды содан соң барып табады. Адам бойындағы, əсіресе қыз бойындағы қасиет ана берген тəрбиеден ғой.
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.
Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе .
Естіге айтқан ақыл сөз - шыңға тіккен тумен тең,
Ессізге айтқан ақыл сөз - құмға сіңген сумен тең.
Адам бойнында екі түрлі жаман нәрсе бар:
1)Ол-тіл.Осы тілдің кесірінен айқай,жанжал,ұрыс-керіс болып жатпды.Бірақ,оны тек ақыл мен жүрек арқылы басқарсақ,онда жанылмауымыз мүмкін.
2)Ол-көрсеқызарлық.Осының кесірінен достықтар жоғалып,сезімдер өртенеді.Байлыққа,жетістікке қолы жетпеген адам жеткен адамның мақсатың құртады.
Осы қасиетті басқара білу қажет
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев