Ағамның соғыста жүрген кезінде жазылған өлең-хаты.
Еске алып туған жерге сөз жазамын,
Ақаным,жеткеншегім Кәдіржаным
Мекендеп Латвия солтүстігін,
Туған жер Майлығашты жыр қыламын.
Көрген жер,қала шашымнан көп,
Мақсатым алға ұстаған ел корғау тек,
Түсімде еркелеген Алма,Зайда,
Сағынып, асылады мойныма кеп.
Зайдажан мен кетерде туған бала
Көтермейді еркелекті мына дала,
Өйткені Латвия еңбекшісі
Бостандықты қолға алған биыл ғана.
Бұл ел жаңа жерім, жаңа танысым,
Бұлбұл сайрап турған қонысым,
Адасқан үйірінен мен бір киік
Қасымда Қантай,Балтай туысым жоқ
Амал не,етем еңбек отан үшін
Көсемім ұлы Сталин атам үшін
Борышым мойнымдағы өтеу үшін
Әперген бостандықты адам үшін
Көрген жер,көрген қала аман болсын,
Туған жер,туысқандар аман болсын,
Шәки дем қысқа жазған анық атым,
Ақанжан,сөз иесі ағаң болсын
©Шәки Хасенұлы
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев