Өмірдің әр мезеті сынақтардан тұрады ғой.Қиындық қуаныш, жақсылық бәрі кезектесіп тұрады ғой. Ия, шынымен солай.Өмір бізге бірақ рет беріледі.Өмірдің өзі де уақы ша, қиындықтың бәрі де уақытша.Ең бастысы, бар қиындыққа сабыр сақтап, төзе білсек, мейрімді де, кешірімді болсақ бәрі же жақсы болады.Жаратқан Ием шыдамдылық берсін, бәрімізге.
Аурудан емдеп жүрген дәрігерлер мен біздің тыныштығымызды қорғап жүрген тәртіп сақшыларына Мың Тағызым, Мың Алғыс! Күн демей, түн демей еңбек етіп жүр ғой. Аман болыңдар.
Ақ халатты абзал жандар,
Көп рахмет сіздерге.
Тыным таппай жүрсіңдер ғой,
Короноаирустан емдеуге.
Жазылып шыққан бар адамдар,
Риза болар сіздерге.
Еңбектеріңіз еленсінші,
Қуанамыз ғой біздерде.
Адам жанының арашасы,
Көмекке де келдіңіз,
Біз бәріміз біргеміз,
Оны да сіздер біліңіз
Қауіпты екенінен қорықпай,
Жасап жүрсіз емді сіз.
Емдеріңіз шипа болсын,
Бақытты да, ұзақ ғұмыр кешіңіз.
Тез жазылып ауырғандар,
Қуансын барша халқымыз
Сабыр сақтап шыдайықшы,
Тыныш болсын ұйқымыз.
Арайлап атсын әр таңымыз,
Шуағын щашып күніміз.
Тыныш болсын еліміз,
Жарқырасын жүзіміз.
Аллам өзі қолдасын,
Жамандық деген болмасын.
Жаман індеттен құтылып,
Бүкіл еліміз қуансын.
Жаман аурудан құтылу үшін,
Бәріне де төземіз.
Жан ұяның амандығы үшін,
Тәртіпке де көнеміз.
Ел , жұртымыз аман болса,
Қуаныш, қызықты да көреміз.
Сабыр сақтап, ұйымшылдық танытсақ,
Барша қиындықты да жеңеміз.
Аллам, пәле -жала, қағас қатерден сақтай көр елімді, барша халқымды.
Бәрі де жақсы болады деп сенейік.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев