Велиховка атауын 1914 жылы Айтпайка көлінің атырабында ғұмыр кешкен жер шаруасы-инженер Велиховтың құрметіне аталған.
1924 жылға дейін Велиховка ауылы Қос Естек болысы аталған Рождественский ауылының құрамына енді.
Ақтөбе уезді бойынша аудандық болыстық басқару ісінің жобасы 1924 жылы 19 мамыр күні құрылған болатын. Қос Естекке бекітілген болыста: Велиховка ауылының- 15 үйі, 196 тұрғыны Қос Естек ауылына қосылып кетті.
1934 жылы Велихов ауылдық кеңесі мен «Қызыл Армия» колхозы да құрамына енді. Колхоз құрамына: Айтпайка, Велиховка және Рожденственка үш ауылы кірді. Кейіннен Айтпайка ауылы ажырап, Чапаев деген атпен жеке дара ауылға айналды.
1948 жыл мен 1953 жылдары астық өнімі көп болды. Бұл жылдары колхозшылар күндік жалақысына 8 кг тұқым алатын. Айтпайка колхозы қайта қосылып, енді колхоздың атын Чапаева деп атап кеткен.
Колхоздың алғашқы коммунистері, коммуналар төрағасы Безушко, Вавилов василий болды.
1923 жылы Велиховкада төртжылдық бастауыш мектебі ашылды. Хорлин Константин Андреевич күндіз балаларды оқытса, кешкісін үлкендердің сауатын ашуға ат салысты.
1936 жылы мектепте Леоненко Михаил Михайлович жұмыс істеді, мектеп соғыс жылдары да білім беруін тоқтатпады.
1954 жылы жетіжылдық болып қайта жаңартылды. Мектепті Мых Н.А. басқарды.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев