Бар дүние кенже баланың еншісі деп, оған ашкөздену ағаттық деп ұққан. Атаулы күндерде, Айт пен Наурыз мерекелерінде қара шаңырақтан аттап өтпей, сол үйден қадам ашуды бүкіл ауыл жұрты ойларына бекем ұстанған. Әсіресе, келіндер жағы қара шаңыраққа сәлем салып, қиып өтпей, кіріп тұруды қарыз деп білген. Тіпті қара шаңырақтың қасынан өтіп бара жатқандар ойқастамай ат тізгінін тартып, киелі үй, қасиетті мекен деп әйелдер жағы аттан түсіп, атын жетекке алып жаяу жүретін болған.
Сол қара шаңырақтан енші алған, өз алдына шаңырақ көтергендер үлкен- кішісіне қарай үлкен үй, үлкен отау, кіші отау, тағы да басқа деп жөніне қарай реттелген.
Қара шаңырақ – қазақ үшін алтын діңгек, үзілмей келе жатқан арқау еді. Қара шаңырақ – құс қонған айдын көл, асқар бел болып, айбыны да асқақ тұрар еді.
Сол қара шаңырақтың бүгінгі жай-күйі қалай екен деген сұрақ, көп жағдайда мазаны ала береді. Керек десеңіз, қара шаңырақты ұмытқан қазақтар да жоқ емес секілді.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев