) базасында «Инновациялық технологиялар және инжиниринг» XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ашылуы онлайн-форматында өтті.
Конференция қатысушыларына университет ректоры Абдрасилов Б.С. құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде өткізілген конференцияның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, жоғары білім беру жүйесін реформалау бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып, университеттің 2024 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыттары туралы айтты.
Конференцияға қатысушыларға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті М.Ж. Жұрыновтан, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Ж.Д. Құрманғалиевадан, Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың үзеңгілестері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Сүлейменов, техника ғылымдарының докторы, профессор К.З. Сарекеновтан және басқа да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінен көптеген құттықтау хаттар келіп түсті. Болатбек Серікбайұлы құттықтау хаттарын жіберген барлық ғалымдар мен әріптестеріне алғысын білдірді.
Қарағанды облысы және Теміртау қаласы әкімдігінің атынан Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Зияшев С.С. сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қарағанды индустриялық университетінің Қарағанды облысының ғылымын, өндірісін дамытудағы және ғылыми-техникалық базасын құрудағы ерекше рөлін атап өтті.
Конференция жұмысына қатысу үшін Болгария, Польша, Ресей, Украина, Малайзия, Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің белгілі жетекші ғалымдары қатысқан 4 панельдік сессияда 100 - ден астам мақала мен сөз сөйлеулер жарияланды. Сондай-ақ, конференция аясында отандық жетекші ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессоры, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты К.З. Сарекеновтің «Шойын балқыту жүйесіндегі зияткерлік сараптамалық бағалау және болжау" тақырыбында семинар-дәрісін өткізу жоспарлануда..
Конференция ғылыми қоғамдастықтың ақпарат алмасуын жолға қоюдың, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың өзіндік алаңына айналады. Жетекші ғалымдар, магистранттар, университет студенттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүргізілген зерттеулер тәжірибесімен бөлісіп, өз жұмыстарының нәтижелері туралы айтып береді.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы жарияланады. Жинақ Электронды (PDF) форматта ұсынылады, конференцияға қатысушыларға сертификаттар, секциялық жұмыстардың баяндамашыларына қатысушының дипломдары, ал пленарлық отырысқа қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Жекелеген жұмыстар ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін жаңа ғылыми жобаларды дайындау үшін база болады.⤵️⤵️⤵️⤵️
🇷🇺 25 ноября 2021 года прошло открытие в онлайн-формате XI международной научно-практической конференции «Инновационные технологии и инжиниринг» на базе Карагандинского индустриального университета (г.Темиртау).
С приветственным словом к участникам конференции обратился ректор университета Абдрасилов Болатбек Серикбаевич. Он в своем выступлеиии отметил актуальность и важность проводимой конференции, ознакомил с проводимыми мероприятиями по реформированию системы высшего образования и рассказал об основных направлениях Стратегии развития университета до 2024 года.
В адрес участников конференции поступило большое количество поздравительных адресов: от Президента Национальной академии наук РК Журинова М.Ж., председателя Комитета науки МОН РК Курмангалиевой Ж.Д., соратников Первого Президента – Елбасы Н.А. Назарбаева доктора политических наук, профессора Сулейменова Т.С., доктора технических наук, профессора Сарекенова К.З. и других видных государсмтвенных и общественных деятелей. Болатбек Серикбаевич поблагодарил всех ученых и коллег, направивших приветственные адреса.
От имени акимата Карагандинской области и города Темиртау выступил заместитель акима города Темиртау Зияшев Самат Саятович. В своем выступлении он отметил особую роль Карагандинского индустриального университета в развитии науки, производства и создании научно-технической базы Карагандинской области.
Для участия в работе конференции заявлено более 100 статей и выступлений на 4 панельных сессиях, в которых приняли участие известные ведущие ученые из разных стран - Болгарии, Польши, России, Украины, Малайзии, Кыргызстана, Узбекистана и нашей страны.Также в рамках конференции планируется проведение семинар-лекции ведущего отечественного ученого, доктора технических наук, профессора, члена-корреспондента Национальной инженерной академии РК, лауреата Государственной премии РК в области науки и техники Сарекенова К.З. на тему «Интеллектуальная экспертная оценка и прогнозирование в системе выплавки чугуна».
Конференция станет своеобразной площадкой налаживания
информационного обмена научного сообщества, развития международного сотрудничества. Ведущие ученые, магистранты, студенты университетов поделятся опытом исследований, проводимых при поддержке Министерства образования и науки Республики Казахстан, а также расскажут о результатах своих работ.
По итогам конференции будет опубликован сборник научных статей. Сборник будет представлен в электронном формате (PDF), участникам конференции будут выданы сертификаты, докладчикам секционных работ дипломы участника, а для участников пленарного заседания – благодарственные письма. Отдельные работы станут базой для подготовки новых научных проектов для участия в конкурсе грантового финансирования МОН РК.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев