Жер бар ма Өр Алтайға шіркін жетер?
Әр сөзім әспеттеген болмас бекер.
Жерұйығы, кәусәр бұлақ зәм-зәм суың,
Ұртыңнан ағызатын бал мен шекер.
Өртеңжүрек,Отарбай,Бөріккеткен,
Алтай да,әр саласын көрікті еткен.
Мал айдасып бала кезде төр жайлауға,
Аралап талай жерін көріп кеткем.
Жайдақтау йығын тіреп Құзғындыға,
Сайыңда тасып Күршім жұлқынды ма?
Көлшілік,Қаражал мен Сарытауың,
Кем екен деп қай салам, бұлқынды ма?
Атбасар,Шетқарағай,Өгізсимас,
Шырайлысын көргенде көңіл қимас.
Кезінде масатыдай сол жайлаулар,
Төрт түлік, төрт ауданның малы сыймас.
Қәзірде бұл жерлерден жырақ кеткен,
Ауыл тұрмақ дүйім елден тұрақ кеткен.
Жылы жер жұмыс іздеп шет жерлерге,
Малын сатып көп ағайын бірәқ кеткен.
Сенемін құтты мекен толарына,
Малын айдап малшы қауым қонарына.
Ата жұртым төл жерім Өр Алтайда,
Бәйге шауып ұлы тойдың боларына.
М.Карменов.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 15
Шама келгенше траштанып жатқанымыз ғой.