Тұрады ақ пен қарадан.
Өкінумен қуану,
Тағдырдың өзі сынаған.
Құдіреті алланың,
Күнменен түнді жаратқан.
Ертеңгі күннен үміт күт,
Көктемің келер гүл атқан....
Талайды тағдыр жылатқан,
Еселеп көңілге мұң артқан.
Сондада сүйем өмірді,
Пендені солай жаратқан.
Зарина Юсуф.
Адам дүниеге келгеннен кейін тірліктегі кездескен барлық қиындықпен күресе білген жөн. Дегенмен күнделікті өмірдегі уақытша сынаққа сағы сынып, баз кешетіндерді көзіміз көріп жүр. Бірақ олар жарымжан болмай, он екі мүшесінің сау болғанына қанағат ете білуі керек.
«Дүние алма кезек» демекші өмірде барлығы да уақытша. Тіпті мына фәни жалғанның өзі мәңгілік емес. Қиындық болмаса бұл өмір қызықсыз болар еді. Себебі кез-келген сынақ адамға сабақ болып, шыңдайды, көп нәрсеге үйретеді.
Өмір күрестен тұрады. Бәрін жақсы жағынан көре білу керек. Әр таңды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға тырыс. Жаныңызға жақын жандардың қасында жиі болыңыз. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Тек қорықпаңы.
Өмірдің алтын қағидалары
1. Әрдайым жақсылық жасауға тырысыңыз. Сонда бақыт соңыңыздан өзі-ақ жүгіреді.
2. Адамдар — қарындаш сияқты. Әрқайсысы өз тағдырының суретін салады. Біреулері сынып қалса, енді біреулері ұшталып, алға қарай ұмтылады.
3. Ерлі-зайыптылар — қол мен көз сияқты болу керек. Себебі қол ауырғанда — көз жылайды, ал көз жылағанда — қол жасын сүртеді.
4. Мол сенім артып, бар ынта-жігеріңізбен, шын жүрегіңізбен қалаған нәрсе міндетті түрде орындалады.
5. Әрине, пойыз қайтып келеді, бірақ вокзалда мүлдем басқа адамдар отырады.
6. Өмір — ақ пен қарадан тұратын зебра емес, өмір – шахмат тақтасы. Барлығы өз жүрісіңізге байланысты.
7. Егер алға жылжымай, бір орында тұрып қалсаңыз, онда барлығы мағынасыз кейіпке түседі. Жұмыста да, махаббатта да, өмірде де мән қалмайтынына сене беріңіз.
8. Не нәрсені қолға алудан қорықсаңыз, алдымен сол істен бастаңыз. Көз қорқақ, қол батыр деген нақыл сөзді жадта ұстаған абзал.
9. Естен шығармаңыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Не жағдай, қай кезде болуы керегі белгіленген. Сол себепті тағдырға сеніңіз. Бәрі өз уақытымен болады.
10. Мәңгілік өмір сүретін адамдай армандап, ертең өліп кететін жандай өмір сүрейік.
11. Ниеті түзу, көңілі ақ адамдар өзгелердің жамандығын көре бермейді.
12. Өз жаныңыздың жайлылығы үшін күн кешіңіз. Ал бәзбіреулердің әңгімесіне басыңызды қатырмасаңыз да болады. Өйткені сіз ешкімге ештеңе қарыз емессіз.
13. Адам ақылды болған сайын өзгелерге өкпелейтін себептері де көбейеді.
14. Бұл өмірдегі ең үлкен бақ — көргенде сүйсініп қарайтын, естігенде ерекше ұйып тыңдайтын, күлгенде шынайы күлетін және әр кездесуді тағатсыз күтетін адамды жолықтыру.
15. Күтпеген жерден өмір өзгеруі – кездейсоқтық емес.
16. Ер адам әйел адаммен бәсекелесуі дұрыс емес. Өйткені жеңсе де, жеңілсе де ұят.
17. Ең бастысы — сенім. Егер сене білсеңіз, барлығы да жақсы болады, тіпті өзіңіз ойлағаннан да жақсы болады.
18. Ең қорқыныштысы — сізге бір топ адам тас лақтыруы емес, сол топ адам ішінде ескі достарыңыз да болуы.
19. Әуелі сөзді емес, істі бағалау керек. Себебі, сөз жүзінде бәріміз бір-бірімізді жақсы көреміз.
20. Кейбір кезде тек күтуіңіз керек. Өйткені ол нәрсенің орындалатын кезі келген жоқ.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев