Бүгін Изенді үлгілі ауыл кітапханасы мен Мәдениет үйі бірлесіп, оқушылар арасында “Біздің рәміздеріміз-біздің мақтанышымыз” атты зияткерлік ойын өткіздік. Рәміздер туралы сұрақтар қойылып, қатысушылар білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Мақал- мәтел айтып, өлеңдер оқып, ән шырқады.
Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын! Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев