Москау Нұрқабеков, журналист, заңгер, КСРО мен ҚР басшылығы саласында ұзақ жылдар қызмет жасаған:
Кезінде Адай Совет республикасы болған. 1936 жылы Сталин Мәскеуге Адай республикасының бірінші хатшысы мен үкімет басшыларын шақырып алып, ұшақтан түскен бойын қамауға алып, бұл үкіметті таратын жіберген. Бұл жайлы еш жерде жазылмаған.
1988 жылы СССР жайлы шыққан сборникте Адай республикасының тарихта болғаны және оның қалай таратылғаны толық жазылған. Мен оны өзім оқығанмын. («Адаймын дегенде, арқам қозып, көкірегім көкке көтеріледі». Бейне баяны әлеуметтік желі де тұр).
Иә, ол кісінің бұл келтірген дерегінің ақиқат екендігін айғақтайтын өзге де деректер жеткілікті. Мысалы,
Адай атауы Ресей Федерациясында ресми түрде тіркелген ұлттар мен тілдер тізімінде тұр. («Алфавитные перечни националностей и языков для кодирования ответов на вопросы 7 и 9 форм К и Д и вопроса 6 формы В переписных листов Всероссийской переписи населения 2002 года». Утверждены Постановлением Госкомстата России от 02. 09. 2002 г. № 171).
Ресей патшалығының да, одан кейінгі Кеңес үкіметінің де Манқыстау адайларын дербес халық деп танып, 1920 жылы Бакуде өткен шығыс халықтары съезіне делегация шақырды. Съезге Қазақ, Өзбек, Қырғыз, Түрікпен т.б. бірге Адайлардың он делегаты барды. Делегацияның бір басшысы О.Көбеев төралқа мүшесі болып сайланып сонда қызметке қалдырылды.
Тарихқа үңілсек, XVIII ғасырдың орта кезінде жоңғар қалмақтары ішкі алауыздықтан әлсіреп, қазаққа тіс батырудан қалған кезде, адайлар ежелден естен шыққандай болған байырғы атамекені Үстіртке келіп, Манқыстауға құлады. Әрине, ол кезде Үстірт те, Манқыстауда елсіз емес-ті, бұл жерлерді негізінен түрікменнің тайпалары мекендейтін. Алда атамекенді жат жұртқа айналып кеткен түркпендерден босату міндеті тұрды. XVIIІ ғасыр аяғына таман бұл міндетті де адайлар толығымен орындап, қазақ еліне Үстірт пен Манқыстауды қайта қосты. Содан Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда қазақтың ержүрек тайпасы Адайлар бүкіл орта Азияны 150 жыл бойы орыс отаршылдығынан қорғап тұрды.
Осылайша, дініне берік ел тәуелсіздігінен айрылмау үшін 1870 жылғы Ресей отаршылдығына, 1930 жылы Кеңес үкіметінің қанқұйлы саясатына да бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жаппай қарсы шықты. Маңғыстау халқы өзінің дініне беріктігін 1989 жылы тарихқа «Жаңаөзен көтерілісі» деген атпен енген жатжұрттықтардың үстемдігінен құтылғанымен де көрсетті.
1930 жылы туысы Маңғыстаулық Адай ата ұрпақтарынан басшы қызметке адам алынбасын деген қаулы да сол үшін алынды. Себебі, Адай ата ұрпақтарының ішінен Кеңестік, орыстық саясаттың сойылын соғатын, яғни ұлт мүддесін сататын адам табылмады.
Басқыншы патшалық Ресейде, оның ізбасары қанқұйлы жауыз (төрт млн қазаққа геноцид жасаған) Кеңес үкіметі де Адайларды Қазақтан бөліп тастау үшін жасамағандары жоқ. Маңғыстаулық Адайларды Қазақтан бөліп, бөлек ұлт деп жариялады. Адайлар біз Қазақпыз, ағаларымыздан бөлінбейміз деп сіресіп тұрып алды. Оған болмағасын біресе Ресейдің өзіне, біресе Кавказға, біресе түрікпенге қосты. Әсіресе, түрікпенге қосу мәселесі қаралып жатқан кезде жағдай әбден ушықты. Тобанияз хан бастаған Адайлардың мұздай қаруланған бес мың қолы Маңғыстау мен Түрікпеннің шекарасында соғысқа дайындалып сақадай сай тұрды. Егер Маңғыстау Түрікменістанға берілетін болса, түрікпенді Ашқабадқа дейін шабамыз деп. Ол жайында кезінде талай жазылған.
Бұл жайлы нақты деректердің бірі экспрезидент Н.Назарбаевтың аузымен айтылды. Түркменістан Президенті С.Ниязов кездесу кезінде ол кісіден Маңғыстауды сұрағанда, оған Н.Назарбаев "Адайларға рахмет айтуға тиіссіз, Ашхабадты Сізге қалдырғаны үшін" деп жауап берулі.
Түсініктеме: Адайлар ежелгі атақоныстары Маңғыстаудан үш рет кетіп, үш рет «Сауран айналып» қайта оралған болатын. Адайлар Маңғыстауға Жетісу өңірінен, яғни қазіргі Талдықорған, Алматы облысы аумағынан келген еді.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев