"АЛТЫ ЖЫЛ АШ БОЛСАҢ ДА, АСЫҚ ЕТIН МҮЖIМЕ"
🖋Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.
🖋Қалжа жемеген әйелдiң баласы ынжық, болбыр, икемсiз болып өседi.
🖋Баланы бесiкке саларда ешкiм сөйлемейдi. Егер бiреу сөйлеп қойса, бала жылауық, өскенде өсекшi болады.
🖋Сәби шалқасынан жатып башайын тiстесе, оны “үйiрiн шақырып жатыр” деп ырымдайды. Яғни оның соңынан тағы бiр бала келедi деген ұғым бар.
🖋Сәбидiң қырқынан шыққанда қарын шашын алмаса – қарғысы қатты болады.
🖋Балаға қарғыс өтпеу үшiн оны үш кемпiрдiң бұтынан өткiзiп алады.
🖋Үйге кiрiп келе жатқан бала есiк алдына құлап қалса – үйге береке, ырыс, байлық келедi. Оны төрге апарып үш рет аунатады.
🖋Жүктi әйел шашын кессе – iштегi бала кемтар болып туады, бақыты кесiледi.
🖋Сәби шалқасынан жатып ұйықтаса – елге белгiлi азамат болып өседi, бүк түсiп ұйықтаса – уайымшыл, жiгерсiз болып шығады, етпетiнен жатып ұйықтаса – ойшыл болады.
🖋Балаға асық етiн мүжiтпейдi. “Алты жыл аш болсаң да, асық етiн мүжiме” деген бар.
🖋“Бойы өспей қалады” деп, жас балаға бұғана ұстатпайды.
🖋Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгiсi.
🖋Есiктiң тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетiн, екi алақанын, екi табанын жуса, тәуiр болып кетедi.
🖋Қалы үлкейiп кетпесiн деп, қалымен туған балаға “Қалдыгүл, Қалдыбай” деп ат қояды.
🖋Әйел итке тас лақтырса – үйдiң ырысы кетедi, әйелдiң бағы қайтады.
🖋Аты сүрiншек болады деп балаға төстiң сүрiншегiн жегiзбейдi.
🖋Жеңiлтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.
🖋Келiн атасы мен енесiнiң төсегiне отырмайды.
🖋Толғағы қатты болады деп екiқабат келiншекке толарсақ жегiзбейдi.
🖋Жас босанған әйел 40 күнге дейiн қолын суық суға малса – баласы тас бауыр болады.
🖋Бөбек мезгiлiнде еңбектемесе – оның бауырынан тағам толы табақ өткiзедi, сонда тез еңбектеп кетедi.
🖋Сәбидiң тiлi мезгiлiнде шықпаса – нағашысының үйiнен апарып, бiр қойды сойдырып, соның көтеншегiмен буындырады.
7 (С) Халық ырымдары...
🖊Таратып жіберіңіздер. Бар Қазақ көрсін. Біліп жүрсін.
🤫🤫🤫🤫🤫🤫🤫🤫🤫🤫🤫
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 14