Наурыз - қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан мейрам. Биыл біз мерекелік іс - шараны таза ауада, яғни балабақша ауласында өткіздік.
Бүлдіршіндерге арнап арнайы алтыбақан, қазан -ошақ, киіз үй элементі кереге орнатылды. Іс -шараның барысында әр топтың ата -аналары тамашалауға келген қонақтар мен балаларға салт дәстүрлер көрсетті.
"Арқан тарту", "Қой көтеру", "Ақ сүйек" "Бәйге" ойындары ойналды. Балабақша қызметкерлері "Қазақтың бауырсағы" атты, бауырсақ пісіру мастер -класын көрсетіп барша қауымға таратты. Балалар дәстүрлі әндер ырғағымен алтыбақан теуіп көңіл көтерді.
Мерекенің соңында бүлдіршіндер, ата -аналар, тәрбиешілер Қара жорға биін билеп, өткізілген іс -шарамыз өз мәресіне жетті.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев