фестивалі
Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығында ағымдағы жылдың мамыр айында 1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі күніне арналған «Ортақ шаңырақ аясында» атты фестивалі өтті. Аталмыш фестивалді орталық оқытушысы Жалелова Жанар Омарқызы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметін саралай отырып, Көпұлтты Қазақстан Республикасы халықтар достастығы-еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігі туралы мағлұмат беру; Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту; Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге, ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату арқылы ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Байқау кезеңдері :1-кезең Таныстыру; 2-кезең «Өнерлерін көрсету»; 3-кезең «Әр ұлттың тағамдары»; 4-кезең «Бәйге» - интеллектуалды викторина. Байқауға қазақ, орыс , татар , украин , әзірбайжан , мәрей ұлттары қатысып, әр кезеңде өздерінің өнерлерін көрсетіп, берілген тапсырмаларға жауап берді.
Байқауда қазылық еткендер: Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Махатов Ерік Ануарбекұлы , «Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры - Камшат Кадылқызы. Қазылар алқасының шешімімен барлық қатысушылар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.
"Ortaq shańyraq aıasynda"
festıvalі
Atbasar aýdanynyń tіlderdі oqytý ortalyǵynda aǵymdaǵy jyldyń mamyr aıynda 1-mamyr – Qazaqstan halqynyń yntymaǵy men bіrlіgі kúnіne arnalǵan «Ortaq shańyraq aıasynda» atty festıvalі óttі. Atalmysh festıvaldі ortalyq oqytýshysy Jalelova Janar Omarqyzy uıymdastyrdy.
Is-sharanyń maqsaty: Qazaqstan Halqy Assambleıasynyń qyzmetіn saralaı otyryp, Kópultty Qazaqstan Respýblıkasy halyqtar dostastyǵy-elіmіzdіń bіrlіgіnіń kepіldіgі ekendіgі týraly maǵlumat berý; Qazaqstan Respýblıkasy álemde eń alǵashqy memleketterdіń bіrі bolyp syrttan kelgen basqa ult ókіlderіne altyn besіk bolǵandyǵyn uǵyndyrý, basqa ult ókіlderіnіń mádenıetіn, ádet-ǵurpyn syılaý, sóıleý qabіletterіn, shyǵarmashylyqtaryn damytý; Qazaqstandyq patrıotızmge, elіn, jerіn súıýge jáne halqyn qurmetteýge, ulttyq rýhty, patrıottyq sezіmderdі uıalatý arqyly yntymaqtyqqa, dostyqqa, óz Otanyn súıýge, qorǵaýǵa tárbıeleý.
Baıqaý kezeńderі :1-kezeń Tanystyrý; 2-kezeń «Ónerlerіn kórsetý»; 3-kezeń «Ár ulttyń taǵamdary»; 4-kezeń «Báıge» - ıntellektýaldy vıktorına. Baıqaýǵa qazaq, orys , tatar , ýkraın , ázіrbaıjan , máreı ulttary qatysyp, ár kezeńde ózderіnіń ónerlerіn kórsetіp, berіlgen tapsyrmalarǵa jaýap berdі.
Baıqaýda qazylyq etkender: Atbasar aýdanynyń mádenıet jáne tіlderdі damytý bólіmіnіń bas mamany Mahatov Erіk Anýarbekuly , «Atbasar aýdanynyń tіlderdі oqytý ortalyǵy» KMM dırektory - Kamshat Kadylqyzy. Qazylar alqasynyń sheshіmіmen barlyq qatysýshylar alǵys hattarmen jáne yntalandyrý syılyqtarmen marapattaldy.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 3