Соғыс жылдарында»!»
(ашық сабақ)
Ағымдағы жылдың 3-мамыр күні Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жалелова Жанар Омаровнаның ұйымдастыруымен жетілдіру мен базалық топтар тыңдаушылары арасында Жеңіс күніне орай халықтың Ұлы отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған, қазақстандық батырлардың ерліктерін еске алу мақсатында «Қазақстан. Соғыс жылдарында» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында сұрапыл соғыс жылдарындағы ерліктері мен бастан өткерген қиын кезеңдерін талдап-талқылауда тыңдаушылар әртүрлі тапсырмалар орындады. Бейнетаспада мәтінмен жұмыс жасалды. Мәтінге байланысты сөйлемдерді дұрыс құрастырып, латын әріптерімен жазылды. Сабақты қорытындылай келе, Синквейн стратегиясы бойынша бес жолды өлең құрастырды. Тыңдаушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында тыңдаушылар келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен бір-бірін құттықтауды. Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз! Мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр мен Бейбітшілік тілеміз!
«Qazaqstan. Soǵys jyldarynda»!»
(ashyq sabaq)
Aǵymdaǵy jyldyń 3-mamyr kúnі Atbasar aýdanynyń tіlderdі oqytý ortalyǵynyń oqytýshysy Jalelova Janar Omarovnanyń uıymdastyrýymen jetіldіrý men bazalyq toptar tyńdaýshylary arasynda Jeńіs kúnіne oraı halyqtyń Uly otan soǵysy jyldaryndaǵy elі úshіn janyn qıǵan, qazaqstandyq batyrlardyń erlіkterіn eske alý maqsatynda «Qazaqstan. Soǵys jyldarynda» taqyrybynda ashyq sabaq óttі. Sabaq barysynda surapyl soǵys jyldaryndaǵy erlіkterі men bastan ótkergen qıyn kezeńderіn taldap-talqylaýda tyńdaýshylar ártúrlі tapsyrmalar oryndady. Beınetaspada mátіnmen jumys jasaldy. Mátіnge baılanysty sóılemderdі durys qurastyryp, latyn árіpterіmen jazyldy. Sabaqty qorytyndylaı kele, Sınkveın strategııasy boıynsha bes joldy óleń qurastyrdy. Tyńdaýshylar sabaqqa belsene qatysty. Sabaq sońynda tyńdaýshylar kele jatqan Jeńіs kúnі merekesіmen bіr-bіrіn quttyqtaýdy. Otan úshіn otqa túsіp, qan maıdannan aman oralǵan qandastarymyzdyń aldynda bas ıemіz! Myqty densaýlyq, baqyt, uzaq ǵumyr men Beıbіtshіlіk tіlemіz!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 1