Ол сәтте балалық пәк құаныш бар. Есімде ол жаздың соңында еді, мектепке дайындық кезі еді. Анам маған қызыл жемпір сатып алып келген еді. Мен оны киіп алып, далаға қарай жүгіріп кеттім. Анам, Эй, қайда ұшып кеттің деп сұрап үлгерді. Мен папама қызыл жемпірімді көрсетем деп жауап бердім. Жауап бердім де жүрегімнің қанатымен ұшып кеттім. Папа, папа деп айқайлайдым... Папам ол кезде далада бидай орып жатқан еді. Әлі есімде папа сенің керемет келбетің. Үстіңде ақ көйлек, аяғыңда ақ шалбар, ұзын шашыңды жел артқа қайырып, екі қарыс маңдайыңнан судай аққан терің...Әлі есімде сол керемет келбетің. Мен саған, папа, папа, қарашы, мама маған қыпы- қызыл жемпір әперді деп құанышымды айттым. Сен мені көтеріп алдың, жемпіріңді киіп өзің тоздыр, жасың ұзақ болсын, Аман бол балам, деп Батаңды бердің. Көтеріп, үйге әкелдің... Қандай бақытты сәт болды. Сол сәт есіме түсіп, папа, папа деп айқайлайдым... Сонда сен туралы елес көрдім. Елесімде папа, сен қазір Алланың жұмағында, пісіп жатқан бидайын орып жатыр екенсін...Жас кезіндегі келбетің, үстінде ақ көйлегің, артқа қайырылған ұзын шашың...Сен маған сөйлемедің, тек көзіңмен күлімдеп қарадың. Мен сені сөзсіз түсіндім. Балам, Мошкам, жасың ұзақ болсын, Аман бол қарғам, пока, пока, мен саған ризамын, көз қырымды салып жүрем дедің... Сен мені ұмытпа, жүрегіңде әкелік махаббатымды, қамқорлығымды өсіет ретінде сақта. Олар саған күш берсін, шыда, балам, шыда. Әкем бар еді, деп айта жүр, маған дұға арнап оқып жүр дедің. Осындай елес көрдім....
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев