»
Жалпыұлттық челленджі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ.
РУСЛАН САДЫҚОВТЫҢ ШЫҚҚАН ТАУЫ БИІК
2005 жыл. УКРАИНА. КРЫМСКАЯ ВОЛНА эстрада әншілерінің халықаралық байқауы. Әсем безендірілген сахна. Репетиция. Руслан ән айтып тұрып, сахнаға қойылған сан алуан мемлекеттік Тулардың ішінде өз Елінің көк байрағы жоқ екенін байқайды. Тумысынан мінезді Руслан репетицияны тоқтатып, "менің Туым - Қазастанның көк Туы қайда" деп микрофонмен жар салады.
Конкурсанттың мына айғайын түсінбеген ұйымдастырушы, қасына жүгіріп кеп, мән-жайды білген соң, "сіз өзіңіз ала келуіңіз керек еді" дейді. Абдыраған Руслан өзіне ешкімнің ескертпегенін айтып, қайтсем де көк Туымды тауып әкелем деп, дайындықтан шығып кетеді.
Сол аптыққан күйі бөтен елдің көшелерін ентігіп жүріп, жаяу кезіп, бірнеше мата дүкендерін аралап, ақыры аспан түсті жібек мата тауып, Көк Байрағын сол жерде тіктіріп, сол күні сахна төріне көп Тулардың ортасына жарқыратып, ілігізеді.
Өзім сонда жылап жүрмін дейді Руслан бір әңгімесінде тебірене еске алып. Сол байқауда дайындықсыз, оркестрмен жанды дауыста конкурстық әнін шебер орындап, жүлделі екінші орынды қанжығалап, елге олжалы қайтады.
Әнші Руслан Садықов - өзіне ғана тән бояуы бар, жүректі баурар дауысымен Ресей, Украина, Беларусь, Польша, Болгария, Прибалтика елдерінде өнер көрсетіп, талғамы жоғары көрермендерді тәнті еткен талантты орындаушы, кәсіби әнші.
Бүгінге дейін көптеген халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленген Руслан қазақ эстрадасының оркестрмен жанды дауыста орындайтын жарық жұлдыздарының бірі. Сауатты музыкант, талантты әнші екенін дәлелдеген Сырдың бір дара ұланы.
Русланжан, өнердегі өмірің жалғаса берсін! Әніңді сүйер халқың барда, сен де барсың! Әнің әуелей берсін, Руслан!
Айткул Шалгинбаева ҚР Ақпарат саласының үздігі, журналист.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев