Ерейментау ауданындағы Сілеті ауылында туып, Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебін бітірдім. Үйленгем, төрт ұлдың әкесі болғаныма Аллаға шүкір. Жоғарғы оқу орнында оқып жүріп, әр түрлі ел қатарлы жұмыс істедім. Оқуды бітірген соң дипломға сәйкес темір жол саласында, Ақмола жол бөлімшесінің логистика бөлімінің орынбасарына дейін, әртүрлі лауазымдарда жеті жыл қызмет атқардым. Қазіргі таңда IT саласындағы компанияда атқарушы директормын.
Індет басталмас бұрын, туған жерімде жастарға арналған әлеуметтік жоба бастауды жөн көрдім. Түпкі мақсаты IT білім беру арқылы, аудандағы жастарды жұмысқа тарту, еңбекке баулу еді. Бірақ, бүкіл Қазақстанда локдаун кезінде мұндай орталық ашу мүмкіншілігі тумады. Соған қарамастан бір жарым жылдай Ерейментауда жұмысты жалғастыруға үміт үзбедім. Бұл кезеңде елге жанашыр азаматтардың көпшілігіне көзім жетті. Өз ауданымыздың тағдырын, тұрмыс тіршілігін жақсарту тек өзімізге байланысты. Болашақ үшін дауыс беру керек, жүйелі жұмыс істеу керек.
Ынтымақ істі бітірер, бақылау ақша жеткізер!
#Сайлау2023
#Мәслихат2023
#Выборы2023 #Ерейментау #Тайбай #Малтабар #Елтай #Жарық #Түбегейліөзгерістерқажет #ПеременыНеизбежны #AqJol
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 5