Әділдікті аңсаймын асығамын.
Жолым болмай қалған бір күндерімде,
Дәріс алғым келеді жақсыдан мың.
Шүкір деймін құдайға шыдамдымын,
Нарық келіп қысқан соң шығардым үн.
Өз тіліңді халқым ау өгейсітіп,
Жерің үшін күресіп жыладың мың.
Қатты батты қарттардың күрсінгені,
Өтірік, күлген болып жүрсінбе енді.
Өз балаң, өз ұрпағың түсінбесе,
жәрдемді өзгелерден күтсінбе енді.
Өкпелімін елімнің тағдырына,
Жүдеу көріп елімді қалдым мұңға.
Айлығы айлығына жетіспейтін,
Тиын санап күн көрген барлығына.
Шындықты айта алмасақ несіне атақ,
Үнсізге үйде отырған келмес шатақ.
Халқы үшін жанын салған жайсаңдардың,
Қорқаулар қыл мойнына салды тұзақ.
Көңілде кірбің жатыр жасырғанмен,
Шындықты айта алмайсың ашынғанмен.
Қорқаулар айылында жияр емес,
Арыстан айға қарай атылғанмен.
Ежелгі ТҮРКІ әлемі салтыменен,
Көне САҚ жаугершілік даңқыменен.
Кең байтақ қазақ жері елімізге,
Бабадан қалған міне сақтығымен.
Артына сөз қалдырған өнегелі,
Абайдай данышпандар келерме енді.
Сөздері тура келді Мөңке бидің,
Сезгендей күні бұрын бірдеңені.
Үш жүздің басын қосқан хан Абылай,
Сөздерін шегелеген еш жаңылмай.
Бүгінде өзге тілдің бәрін біліп,
Қазақша сөйлеу қиын болғанын-ай.
Алысты жақын қылған білім екен,
Біліммен қор болмайсың күні ертең.
Жерімнің бар байлығын пайдаланып,
Дамыған қазақ елге қашан жетем.
(****************************)
Ғасырдан асты міне тілімізге,
Күресіп келеді әлі білесіңбе.
Екі қазақ орысша сөйлескенде,
Білмимін жылаймынба күлемінбе.
Жүз жылда тілді айтып жалықпадық,
Байлықтың тіл екенін анықтадық.
Тілмен жер ешқашанда сатылмайтын,
Бабадан қалған сөзді неге ұқпадық.
Мереке Баймуханов
29,01,2024жыл
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 36
"Ел болам десең бесігіңді түзе" - деген емес пе?
Сізге алғысым шексіз, керемет жазылған. Шығармашылығыңыз арта берсін!