Қаңтардың суығына тоңатынын.
Тойдан шыққан қызымен отбасының,
Бір түнде гүл өмірі солатынын.
Білмедім жаңа өзенде не жанғанын,
Білмедім кім жазықты кім тоңғанын.
Жазықсыз жапа шеккен өз қандасың,
Білмеймін түрме ішінде не болғанын.
Содырмен бүлікшілдер қайдан келді,
Жиырма мың террористі қайдан терді.
Халыққа әуе жайың керекпе еді,
Шетелге шықпайтындар несіне өлді.
Желіні ғаламторды бұғаттады,
Халықты оқпен атты шулатпады,
Қазақтың қайсар мінез батыр жігіт,
Көк туды еліміздің құлатпады.
Орыс тілі екпінінен ығыспады,
Билікте өз халқына жұғыспады.
Заманбектей қазақтың заңғарлары,
Ақталмай келеді әлі қылыш қаны.
Әділсіз елді неге жазалайды,
Осы сұрақ көкейді мазалайды.
Өз қандасың өзіңді ұрып жатса,
Айыруға ешкімде бара алмайды.
Арқанкерген басында болған атыс,
Кім жазықты білмимін кімнен алыс.
Бір түнде он төрт сарбаз қыршын кеткен,
Үкімі көрініп тұр жалған заңсыз.
Жаңалықты ғаламтордан анықтаймыз,
Теледидар өтірік соны ұққанбыз.
Қазақстан қарыштап дамып келет,
Сол сөздерді естуден жалыққанбыз.
Заманды басшыларың әлдилейді,
Жасасын Қазақстан мәңгі дейді.
Жерінде алтын күміс бәрі бар деп,
Тәуелсіз Қазақстан енді өлмейді.
Білмедім жазалаудың сиқын бұрын,
Қазақстан айып пұлдан бірінші орын.
Беріуді емес алуды ойлағандар,
Сорлатты ғой халықты ырым жырым.
Білмедім тағы қандай тосын сый бар,
Үйренді ғой халқымда талай жылдар.
Амалсыз ішімдегін айтқан сөзім,
Білемін құлқы жоққой ешкім тыңдар.
Айлықты көтергенмен пайда барма,
Тамағың күнделікті арзандайма.
Жүзге жүз өзіңдікі қосылғанмен,
Миллиондар екі есеге айналмайма.
Білемін әлі талай ақын шығар,
Тыңдайтын құлақ болса сөзді ұғар.
Білетінім бірақта келешекте,
Ойы шолақ топастар сөзді бұзар.
Білектіден қашанда біреу ығар,
Білімділер ақылмен мыңды жығар.
Жақсыдан ел билейтін дана туса,
Жаманнан жармасатын егіз туар.
Мереке Баймуханов
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 60
Менің ойым халықтың ойы бірге деп ойлаймын
Рахмет
Кедей бай болсам дит
Бай құдай болсам дит