Кім сүргісі келмейді ғажап ғұмыр,
Табанына тағалап азат тұғыр.
Дес беріпте қоятын кезіміз көп,
Тайғанақтау тағдырға азапты бұл.
Зəру емес жан барма бақытқа бұл,
Ақық Құдай,пендеге Жақұт Тəңір.
Бесенеден белгілі босбелбеуміз,
Болып қала береміз уақытқа құл.
Кім алғысы келмейді төрден орын,
Болмысының шегендеп көлденеңін.
Жан садаға болмаса арың үшін,
Төрде ашпайды ессізге ергенегін.
.
Кім аңсамас бала мен жар бақытын,
Жүрекке нұр немере жанға тыным.
Шайтанымыз үркітіп шүкірлікті,
Кезіміз көп салатын арға тығын.
Пір-айбарың төрдегі Ата-Ана шын,
Бағың жанса бақытты босағасың.
Сыйсыздыққа жол беріп өшірмейік,
Алақандап сəттерді бата алатын.
Жосықсыздау жүргенге жөргем қайда,
Қоныстанбас құлықсыз өрлеу жайға.
Алаған қол болмаса берегенсіз,
Ырысыңнан ығысар келген пайда.
Сөйлеуіңде бір сауап шекті біліп,
Тыпырлатпас асауды епті құрық.
Тау қопарып,тас жарып жатпасамда,
Осылай деп қоямын"жөткірініп".
О.БАЗАРАЛЫ 16.08.2017ЖЫЛ.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев