Жеті күннің сұлтаны Жұма бүгін,
Қасиетті күн бүгін,дұғалы күн.
Тіршілікте берілген Жаратқанның,
Қайырымен болсыншы сынағы мың.
Жарылқасын Жаратқан жанымызды,
Тыныштықпен атырсын таңымызды.
Баянды етсін бұйырған бағымызды,
Күнәлардан сақтасын тәнімізді.
Қателескен кезі көп пенделердің,
Амалымен білмейміз теңделер кім?
Білместік бар,от басу,шоқтасу бар,
Жұма бүгін!Бәрінен емделер күн.
***
Ұмыт бәрін,қайғы,мұңды,азапты,
Ұмытылсын,қасірет,қалған бір өкпе.
Алланы ойла,құлшылық пен сабыр ет,
Иманнан нұр құйып алып жүрекке.
Арың биік,үстем болар намысың,
Кеңейеді,ел көрмеген пейілің.
Алла қолдап азаяды қиындық,
Сыйлайды Алла кешірім мен мейірім.
Құлшыныспен құлшылыққа асық тез,
Біз білмейміз не күн күтіп тұр алда.
Жақсылармен жақсы күнді бұйырған,
Баршамызға қорған болсын бір Алла!
Ниет пен дұға-тілектеріңізді Алла қабыл етсін!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 3