Умытылмас Улы Жеңіс күні де жақындап қалды.. Барлық елімізді , жұртымызды Жеңіс мерекесімен құттықтаймын!
Сонау сұрапыл соғыстың қан майданында Отан қорғап , от кешкен жауынгерлер ерлігі мәнгі ұмытылмақ емес, Согыс басталғалы сексен жылдан асты,,, Сол ардагерлер қай жерде болмасын әлі де ардақталады,умытылмайды да.
Ал біздің борышымыз ерлікті жалғастыру, ол ортақ борыш деп ойлаймын,,,
Біздің атамыз Данабеков Иманбек(1911-1997) соғыс жылдары кеудесін оққа төсеп, қанша километр жер жүріп, жугіріп, майданнан зардап шеккен, соғыстан аман есен елге оралып , кеин еліне, жеріне еңбегін әбден сіңірген Атамыз.
Өмір өткелдерін айтсақ: Имаш атамыз 11 наурыз айында 1911 жылы Долонь ауылында Бесқарағай аудаңында туған.
Соғысқа деин Жанасемей ауданында Калинин атындағы колхозда бригадир және завферма болып жұмыс жасаған. Содан 1941 жылы 12 қазан айында әскерге Өскемен кавалерия частіне алынды, атауы : ( Кубанская гвардейская дивизия, конные войска. )
1942 жылы сәүір айында сол дивизия Талдықорған қаласына аударылып соғысқа ат уйрететин жерде жұмыс жасап майданға ат жиберип отырды,,, Еки рет Қытайға жылқы алуға барды.
1942 жылы 14 желтоқсан айында Калинин облысына жылқы апарғанда соғысқа ұстап қалды. Сонымен 2 ші Украина фронтына Воронеж қаласына жиберілді ( главный командующий Жуков болды)
1943 жылы 12 ақпан айында соғыста аяғынан жаралы болып 4 ай госпитальда жатты. Содан кеин 268 стрелковая дивизияға ауысып минометчик болды, будан 150 адам снайпердин курсына оқуға жиберілді. Иранның шекарасында үш ай болды.
Содан Харковь қаласында ,Полтава және Одесса, Житомир қалаларында болды. Одан кеин Белоруссияға жиберілді.
1944 жылы 7 шілдеде снайпердіқ оскологімен сол қолынан жаралы болып Пенза облысы Башмаки станциясындағы госпитальға тусти содан сол қолынан айырылды.
1944 жылы 18 желтоқсан айында әскер қатарынан босатылып Семей госпиталіне түсіп емделіп , Ұлы Отан соғысының ардагері 1 группа инвалидносі берілді. Атамыз қанша орден мен медальдармен және Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен марапатталған,,, Соғыстан кеин қанща жыл өз ауылына еңбек етти, бала шағасын осірді, Уш Аша(Шоша) ауылымыздын қурметті азаматы болды, қай салада болсын қанша жыл еңбек етті. Бала кезімде еки қалтамды конфетке толтырып беретин ( магазинші болып тұрғанда), сол кезен есімде әлі, атамнын бейнесі, жақсы қасиеттері, бир қолмен ғана қанша жұмыс атқаратын,,,,Өмирге екі ұл төрт қыз әкелген Ажар апамыз екеуі. Ажар апамыз - тыл және еңбек ардагері болып өмир бойы өз ауылына еңбек етті. Ұлдары: Дүйсен, Балтабек. Қыздары - Рымжан апам, Жакен апам, Мәкен апам, кіші қызы Бикен апам,,,, Кәзіргі кундері тәубе, еки ул немереси бар, қанша жиендері бар, улкен азаматтар Қанат бауырым, Рахат бауырым, өркендері өссин демекпин! Ал немере қыздары; Шолпан, Әлия, Мақпал сіңілдеріме ұлкен бақыт тилеймин, атасы әперген осы бейбіт өмірді.Атамыздың батырлығына бас иеміз!
Имаш атамыздын осындай бір ұмытылмас шағын өмір өткелдері деп еске аламыз…
Жумаш Мыктыбай қызы Абай облысы Бөкенші ауылы
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев