Семинар модераторы «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры А.А.Жұмағұлова .
Кітапхана жобасы дегеніміз не, олар қандай бағытта болуы мүмкін? Бұл туралы кітапхана қызметкерлері әдіскер Т.Б.Турабаеваның сөзінен білді. Семинар «миға шабуылмен» жалғасып, барлық қатысушылар жоба идеяларын қағаз бетіне түсіріп, шешімін күткен мәселелерді бірлесіп талқылады.
Балалар кітапханасының меңгерушісі Б.К Тутина өз баяндамасында «Әрқашан кітаппен» жобасымен таныстырып, кітапханашылар 2023 жылы жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.
Қызмет көрсету бөлімі меңгерушісінің м.а. В.Е. Тулубаева «Soft skills: дыбыстар, сөздер және түстер палитрасы» жобалық жұмысы бойынша тәжірибе алмасты. «Online-event» мультимедиялық жобасының презентациясымен сүйемелденді.
Пригородное ауылының кітапханашы Е. Падалка кітапхана жазылатын кәсіби мерзімді басылымдар туралы айтып, кітапхана қауымын тың идеялармен таныстыратын, сонымен қатар кітапханашылардың жинақтаған тәжірибесі мен дағдыларын саладағы жас мамандарға беріп, жас кітапханашыларға нақты қолдау көрсететін «Кітапхана ісіндегі жас»журналына тоқталды.
Семинар соңында ОКЖ директоры кітапханалардың жобаларды әзірлеудегі және оларды жұмысқа енгізудегі мақсаттары мен міндеттерін анықтады.
Әдіскер Т.Б.Турабаева
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев