Болжам - «Тұрақты». Банктік депозиттердің ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингі А2.kz деңгейінде расталды. Сондай-ақ Kaspi Bank-тің кредиттік қабілеттілігінің базалық бағасы ba3-тен ba2-ге көтерілді.
Бағаны көтере отырып, Moody’s жетекші халықаралық агенттігінің сарапшылары компанияның мықты операциялық және қаржылық көрсеткіштерін атап өтті. Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былайша түсіндіріп өтті:
«Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Kaspi-дің аса сенімді екенін, әлемдік аумалы-төкпелі экономикалық кезеңдерде де тұрақты болып қала беретінімізді, даму қабілетімізді тағы да растады. Біздің команда Қазақстанда адамдардың өмірін жақсартатын, шағын және орта бизнестің өсуіне көмектесетін, елді әлемдік инновациялар картасында алға жылжытатын инновациялық онлайн-сервистерді дамытуын жалғастыра береді. Әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!»
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев