ҮЗІЛГЕН ЖАПЫРАҚ!
Қымбатты оқырманым алдыннан айтып қояйын. Бұл өлеңді жүрегіне жақын алатын адамдарға оқуға тыйым салынады. Өйткені мен бұл өлеңді коронавирус пенен ауырған адамның тілімен жаздым. Бірақ бұл хикая-өлең менің қияли жемісім. Егер шынайы өмірде кездесіп қалса, бұл тек кездейсоқтық болады. Бұл өлеңді жазудан мақсатым адамдар кішкене ойлансын және өз-өзін сақтасын деген оймен жаздым. Бұл өлеңді жазуға түрткі болған жағдай интернетте таралған ауруханалардағы қорқынышты видеолар болды. Өтініш мені дұрыс түсініңіз және өз-өзіңізге сақ болыңыз. Әлі бәрі жақсы болады ИншаАллах!
Ассалаумалейкум жаным анашым,
Жағдайың жақсыма екен асылым.
Аллаға шүкір етем Мен жақсымын,
Тек ғана сіздерді қатты сағындым.
Жұмыстарым бәрі тоқтап қалды,
Квартира пұлы асып тасты.
Ауылға қайтпасам еш болмады,
Қарыздарым басымнан да асты.
***
Мама кешірің мендей балаңызды,
Тыңдамай кетіп едім шетелдерге.
Шекарада жатқанға он күн болды,
Кіргізбей жатырғой біздерді неге.
Он күннен бері қатты қиналып кеттім,
Жұмыста соншалық қиналмап едім.
Тамақ жоқ, су жоқ, жататын жер жоқ,
Ыстықта асфальтта жатып жүрмін.
Тек мен емес екен киналып жатқан,
Мыңға жақын адаммыз күтіп жатқан.
Бір-біреуге демеу боп шыдап жүрміз,
Шекара қақпасын ашады қашан.
Инсапты адамдарға рахмет айтам,
Бізге тамақ пен су беріп жатырған.
Автостоянкада палатка құруға,
Рұхсат берген шекарашыларға да.
***
Мама бүгін шекараны ашып бізді,
Карантин зонасына алып келді.
Бұл жерде де бәрібір болған енді,
Тамақ жоқ, суды да алып келмеді.
***
Ооо міне келдіғой бізге де қарайтын,
Енді тойып тамақ жеймізғой бұйырса.
Жақсы болар еді егер палау болса,
Салат та керек бірақ қосып турайтын.
Не? Не дейді? Су жоқ дедіма мынау?
Тамақ бермесең де су бер досымау.
Аштыққа шыдармын амалын бір тауып,
Бірақ ыстықта сусыз шыдап болмайдау.
***
Анашым бүгін меннен вирус табылды,
Тест алған болатын зонаға келгенде.
Келдім ауруханаға қорқынышты,
Тым аурулар да көп екен бұл жерде.
***
Анашым жағдайым қиындасып баратыр,
Тынысым жетпей қатты қиналып жатырмын.
Аппаратқа жалғап қойған өкпені қәзір,
Өшіп қалса өліп қалатын шығармын.
***
Мама бүгін жақсымын Аллахқа шүкір,
Керекті дәрілердің бәрін құйып жатыр.
Бұйырса жақында шығатын шығармын,
Сосын сол қызды үйімізге апарамын.
***
Таңдағы қуанышым көпге созылмады,
Қасымдағы бір науқас өліп қалыпты.
Бірақ негедур мәйітті алып кетпеді,
Тек бетін ақ матамен жауып қойыпты.
Ей кім бар, марқұмды алып кетсеңдерші,
Әлде бәрімізге жұқсынба қайтадан.
Неге хабар алмайсыз жағдайымыздан,
Шөлдедім өтініш маған су беріңдерші.
***
Анашым, Әкешім, Қарындасым, Сүйіктім,
Мен сендерді өте қатты жақсы көремін.
Жаныңызда болғанымда қәзір шіркін-ай,
Мен сіздерді қатты-қатты сағындым бүгін.
Мама маған бірдеңе болса жыламаңыз,
Тыныш болалмаймын мені деп қиналсаңыз.
Әкешім байғұс анама көп ұрыспаңыз,
Қан қысымы көтеріліп кетер байқаңыз.
Еркетай қарындасым қарлығашым,
Жігіттерге көп сене берме жаным.
Мықты сақта ар-намысты бойыңдағы,
Ұятқа қалдырма ата-анамызды.
Сүйіктім жаным жанқалтамсың менің,
Махаббатқа садықтығыңа сенемін.
Мені деп жылатпа сұлу көздеріңді,
Бақытыңды тауып кеткейсің әдемім.
О қатал дүние, маған не істегенің,
Жиырмаға шықпай өлім төсегіндемін.
Қаншама арманым бар едіғой шіркін,
Неге енді дәл мені өлтірмекшісің.
Жазығым не, мүлдем түсінбей жатырмын,
Не күнәм бар еді, соншалық қинадың.
Көре алмадым жақындарым дидарын,
Бір көру несіп етпеді деп қиналамын.
Күнәларым болса, пендеңді кешірегөр Аллах,
Жақындарыма зияным тимеді МашаАллах.
Егер мені деп олар да ауырып қалғанда,
Гөрімде тыныш жата алмас едім СубханАллах.
Жақындарым өздеріңді сақтаң өтінем,
Аспанда сіздерді әрқашан қолдап жүрем.
Бәрі жақсы болады деп ісенің өтінем,
Сіздерді Жәннат бағында асыға күтем.
Хош болың менің қимайтын жандарым,
Ата-анам туыс бауыр, достарым.
Әрдайым сіздерден риза болғанмын,
Сіздерде риза болың жақындарым.
Шүйк, шүйк, шүйк, шүүүүүүйк...
__________________________...
Автор: @jetiqaraqshi #Нұрзия Шексіз Махаббат! Безграничная любовь! Endless love! 👈 присоединяйтесь к нам (17.07.2020)
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 5