Аз ғана уақыт ішінде ештеңені ұмытпай, барлық істі жасап үлгергің келетіні белгілі. Ал сол уақытты үнемдеу үшін біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозит пен несиені қашықтан да толықтырып, өтеуге болатындығын естеріңізге саламыз.
Жалпы, қолма қол ақшасыз төлем жүргізудің тоғыз жолы бар.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Халық банкі, ЦентрКредит банкі және Каспи банкінің интернет-банкингтері, сондай-ақ, ЖССБ24 мобильді қосымшасы мен Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ақшаны комиссиясыз онлайн түрде аударуға болады.
Егерде сізде Халық банкі немесе ЦентрКредит банкінің карталары болса, сіз сол банктердің банкоматтары арқылы шотыңыздың баламалы кодын енгізіп, аударғалы жатқан (комиссия – 0%) қажетті соманы белгілеп, ақшасыз төлем жасай аласыз.
Beeline абоненттері мобильді телефон нөмірінің балансы арқылы төлемдерді жүзеге асыра алады. Комиссия төлем сомасының 1,5%-н құрайды.
Достар, өзіңізге ыңғайлы әдісті таңдап, оңай төлем жасаңыз! #hcsbk #zhilstroy
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1