– Бұл салада табысты жүзеге асқан бірлескен жобалар бар. Егіншілікте smart жүйесін қолдануға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге айрықша назар аударылады. Осы орайда Қытайдың тәжірибесі мен технологияларын қолдануға, нақты инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделіміз. Былтыр Қазақстанның Қытайға экспорттаған ауыл шаруашылығы тауарлары 2 есе өсіп, 1 миллиард долларға жетті. Қытай нарығына сапалы әрі табиғи ет өнімдерін, майлы және дәнді дақылдар экспортын ұлғайтуға мүдделі екенімізді атап өттік. Бұл ретте Қазақстан астығын 2 миллион тоннаға жеткізуге дайынбыз. Осы саладағы ықпалдастықты кеңейту шараларын қолдағаны үшін Төраға Си Цзиньпин мырзаға ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президентінің айтуынша, екі ел арасында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық та нығайып келеді. Қазіргі таңда Қытайдың жоғары оқу орындарында 4 мыңнан астам қазақ жастары білім алып жатыр.
– Қазақстан техникалық мамандар даярлау мәселесіне баса мән береді. Бұған Қытайдағы әріптестеріміз қолдау көрсетіп отыр. Аталған саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келістік. Қытай Төрағасының сапары аясында екі тарихи оқиғаның куәсі болдыңыздар. Біріншісі – «Астана» Халықаралық университетінің жанынан Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды. Сондай-ақ бүгін құрметті Си Цзиньпин мырзамен Қазақстанда екінші «Лу Бань шеберханасын» ашуға келістік. Бұл тиімді әрі маңызды жоба елімізде жоғары кәсіби мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін қазақ жастарының саны артты. Бұл тұрғыда үкіметтік грант санын көбейту, Қазақстан аумағында Қытайдың озық техникалық университеттерінің филиалдарын ашу мәселесіне арнайы тоқталдық, – деді Мемлекет басшысы.
🇰🇿 Глава государства также отметил, что были обсуждены перспективы развития сотрудничества в агропромышленном комплексе
– В этой отрасли осуществляется ряд успешных совместных проектов. При этом особое внимание уделяется применению smart-технологий в земледелии, рациональному использованию водных ресурсов и глубокой переработке сельскохозяйственной продукции. Казахстан заинтересован во внедрении китайского опыта и инноваций, а также совместной реализации ряда инвестиционных проектов в аграрной отрасли. По итогам 2023 года экспорт сельхозпродукции из Казахстана в Китай вырос вдвое и достиг 1 млрд долларов. Мы рассчитываем на увеличение поставок на китайский рынок качественной натуральной мясной продукции, масличных и зерновых культур. Есть возможности нарастить объем экспорта зерна до 2 миллионов тонн. Пользуясь случаем, хочу выразить признательность г-ну Си Цзиньпину за поддержку данных мер, – подчеркнул лидер Казахстана.
По мнению Касым-Жомарта Токаева, динамично развивается взаимодействие в области образования. Сегодня свыше 4 тысяч молодых казахстанцев обучаются в китайских вузах.
– Нужно отметить, что мы уделяем большое внимание подготовке квалифицированных технических специалистов, и китайские коллеги готовы оказать нам содействие. Мы договорились и дальше развивать сотрудничество в этой сфере. Нынешний государственный визит Председателя Си Цзиньпина ознаменует проведение двух важных исторических событий. Первое – открытие филиала Пекинского университета языка и культуры при Международном университете Астана. Также сегодня мы с уважаемым г-ном Си Цзиньпином договорились открыть в Казахстане вторую «Мастерскую Лу Баня». Это полезный и важный для страны проект, целью которого является подготовка высококвалифицированных специалистов. Растет число казахстанцев, желающих получить образование в китайских вузах. Мы рассмотрели возможности увеличения количества правительственных грантов, открытия филиалов передовых технических университетов Китая на территории Казахстана, – сказал Глава государства. t.me/aqorda_resmi #qazaqstanőmir
#qazaqstanlife
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев