Асық — төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады. Алшы — асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. Тәйке (тәуекел сөзінен шыққан) — асықтың иірілгенде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие. Бүге (бүк түсіп жатуы) — асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. Шіге (шік) — асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие. Тұрық — асықтың алшы не тәйке түсуі. Омпы — асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі. Сомпы — асық тұмсығының көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі. Табан — асықтың тәйке жағы. Оңқай — асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады. Солақай — асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады. Сақа — қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Сақа деп арқардың асығын атайды. Құлжа — арқардың аталығының асығы Жабайт — еліктің асығы Шүкімайт — қозы мен лақтың асығы Бекен Қайратұлы. Асық ойыны Асық ойыны — қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі-де, құралы да — асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы демеңіз, қолайыңа жақсақа ғой немесе асығы алшысынан түсті., бүге-шігесіне дейін анықтау… т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтайнемесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың айырықша символдық мәніне қатысты қалыптасқанық. Асықтың түрлері: Асық — төрт түлік мал мен қоңыр, аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда: Сақа — асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады. Кеней — көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар. Шүкейт — жас малдың асығы. Қойлық — қойдың асығы. Ешкімек — ешкінің асығы. Құлжа — құлжаның асығы. Көктабан — қорғасын құйылған салмақты сақа асық. Топай — сиырдың асығы. Жабай — ірі асықты айтады. Қолқар — арқардың асығы Асықтың атаулары: Алшы — асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы. Тәйке — асықтың алшыға қарама-қарсы жағы. Бүге — асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі. Шіге — асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі. Омпы — асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы. Шоңқай — асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі. Асық ойыны барысында қолданылатын құралдар мен әдістер Көн киіз — асықтың «тақта» ойыны барысында қолданатын жұқа әрі икемді асық атуға, қаржуға қолайлы құрал. Бұл асық ойынының түрлеріне байланысты 50×50, 80×80, 100×100 см көлемінде болады. Көн киіздің дөңгелек шеңбер түрінде қолдануға болады. Ондай жағдайда көн киіздің диаметрі 50, 80, 100 см. Көн киіздің жиегін жіңішке ұлттық нақышты оюлармен көмкерген дұрыс.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев